Құпиялылық саясаты
Бұл бет «Қоңыр әңгіме» сайты қандай ақпаратты алатынын және оны қалай қолданатынын түсіндіреді.
Қандай деректер жиналады?
Жаңалықтарға өз еркіңізбен жазылғанда атыңызды, email мекенжайыңызды, келісіміңізді және жазылған уақытыңызды сақтаймыз. Сайт статистикасында қаралған бет, басылған қызмет батырмасы, сайтқа келген дереккөз (соның ішінде UTM белгісі) және осы браузердегі келуді ажырататын кездейсоқ уақытша белгі тіркеледі. Бұл статистикаға хаттағы атыңыз бен email мекенжайыңыз қосылмайды.
Email не үшін қолданылады?
Email тек «Қоңыр әңгіменің» жаңа әңгімелері, «Қоңыр кино», кітаптар және шығармашылық жаңалықтары туралы хат жіберуге қолданылады. Жазылымнан кез келген уақытта хаттағы бас тарту сілтемесі арқылы немесе төмендегі мекенжайға жазып шығуға болады.
Тапсырыс пен сыртқы сервистер
Қызмет батырмасын бассаңыз, WhatsApp ашылады. Сол жерде өзіңіз жіберген хабарлама WhatsApp қызметінің ережелері бойынша өңделеді. Сайтты орналастыру және хаттарды жіберу үшін техникалық қызмет көрсетушілер қолданылуы мүмкін. Деректеріңіз үшінші тұлғаларға сатылмайды.
Байланыс
Деректеріңіз, жазылым немесе оларды жою туралы сұрақ болса, qonyrangime@gmail.com мекенжайына жазыңыз.